Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews

16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды, деп хабарлайды Kazinform dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальяндық режиссер Пьерджузеппе Зайидің «Creators: The Past» көркем фильмінің басты тақырыбы – «Across Endless Dimensions» композициясымен өнер көрсетті.

Сондай-ақ, әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – «Жасмин» орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі «My Heart Will Go On» композициясын – «Титаник» кинофильмінің саундтрегін орындады.

Соңғы жаңалықтар