Димаш Құдайберген Алматыда Универсиаданың ашылуында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am a Singer-2017» ән байқауының бірінші және екінші кезеңдерінде жеңіске жеткен жерлесіміз Димаш Құдайберген Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген Алматыда Универсиаданың ашылуында өнер көрсетеді

Ол бүгін Алматыдағы Универсиаданың  ашылу салтанатына қатысып, тікелей эфирде өнер көрсететін болады. «Универсиадаға қатысатын барлық қатысушыларға сәттілік, Қазақстанға жеңіс тілеймін! Мен сіздермен біргемін!» - деп жазды Димаш өзінің Инстаграм парақшасына.

null  

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергенов  қазақстандық эстрада әншілері Қанат және Света Айтбаевтардың ұлы. Ол Қытайдың Hunan TV басты ойын-сауық телеарнасындағы «I am a Singer-2017» музыкалық шоуында бақ сынап жатыр. Бірінші кезеңде Димаш ең қиын әндердің бірі «SOS d'un terrien en détresse» композициясын және күні кеше ресейлік Витастың «Опера №2» әнін орындап, қос сайыста да жеңіске жетті.

Фото опубликовано Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Янв 28 2017 в 11:04 PST