Димаш Құдайберген доп тебе алатынын көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген спорттық талантын паш етті. Instagram-дағы парақшасында ол карантин кезінде доп теуіп, бала күнгі ермегін еске алған сәтін жариялады.
«100 рет тептім. Бала күнімізде күн сайын футбол ойнаушы едік. Қазір формамды жоғалтқаным байқалып тұр, сонда да доппен ойынға уақыт таптық», - деп жазды Димаш.