Димаш Құдайберген Джеки Чанға екінші рет шапан жапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанның жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Салтанатты кеште Димаш Джеки Чанға кезекті рет қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты. 

"Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымда Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім", - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Өз кезегінде Джеки Чан қазақстандық әншіге "I am me" (ағылш. Бұл - мен өзім) деген жазуы бар свитшот сыйға тартты.

Димаш аңызға айналған актердің қарапайымдылығына тәнті екенін жеткізді.

"Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісінің осыншама қарапайым болып жүргені қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін", - деп жазды Димаш.

Әншінің жанкүйерлері бұл оқиғаны "Қос аңыздың кездесуі" деп бағалады.
null 

Айта кетейік, әлемге әйгілі актерге сыйланған заманауи шапан алматылық "Құрақ көрпе" брендіне тиесілі.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген мен Джеки Чан 2017 жылдың ақпан айында алғаш рет жүздескен болатын. Бұл уақытта Димаш Қытайда "Singer-2017" ән байқауына қатысты. Кездесуде актер Димашқа өзінің эксклюзивті күртесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты. Ал Димаш актерге қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйлады.  

 

Соңғы жаңалықтар