Димаш Құдайберген елордада өтетін концерттің арнайы қонағы болады

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбектің жеке концертінде өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші елордада өткен концертінде хабарлады.

Димаш
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Қасиетті қобызды күллі әлемге танытып жүрген Олжас Құрманбектің қобызшы ретінде алғашқы жеке шығармашылық кеші өткелі жатыр. 15 қыркүйек күні Бейбітшілік және келісім сарайында сол кеште өздеріңізбен жолықсам», - деді Димаш Құдайберген жеке концерті барысында.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген аталған шығармашылық кештің арнайы қонақ екені туралы қобызшы Олжас Құрманбек Instagram желідегі парақшасында жазба жариялаған. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен концертіне 80 елден 10 мыңнан астам шетелдік көрермен келді.

Димаштың жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысқан. Сахнада Димаш Құдайбергенмен бірге әр елден келген 350-ден астам адам өнер көрсетті.

Концерт алдында Димаш Құдайбергеннің түрлі елдегі 17 концертінде болған польшалық жанкүйері Тереза Каколмен тілдескен едік. Ол қазақ тілін үйреніп жүр.

Соңғы жаңалықтар