Димаш Құдайберген фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрегін орындайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрегін орындайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың наурызында фэнтези жанрындағы фильм көрерменге жол тартады. Фильмнің желісін Пьерджузеппе Зая (Pirgiuseppe Zaya) мен Элеонора Фани (Eleanor Fani) жазып шыққан. Режиссер - Пьерджузеппе Зая. Басты рөлдерде Жерар Депардье, Брюс Пейн, Элеонара Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мискиати мен Уильям Шатнер ойнайды. Мен фильмнің негізгі әнін (OST) айтамын. Кинотеатрлардан күтіңіздер», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Әнші сондай-ақ парақшасында «Creators: The Past» фильмінің трейлерін жариялады.

Соңғы жаңалықтар