Димаш Құдайберген Қытайда «Қазақ жауынгерімен» кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақ боксшы «Қазақ жауынгері»-Елшат Нығматоллаұлы (11-0-1, 3КО) Бейжіңде Димаш Құдайбергенмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат «ВКонтак» әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобына сілтеме жасап хабарлайды. 

Димаш Құдайберген Қытайда «Қазақ жауынгерімен» кездесті

Әлі жеңілмеген Елшат Нығметолла кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін бүгін 6 қаңтарда Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткізбек. Оның қарсыласы индонезиялық Икал Тобида болады.

Айта кетейік, 23 жастағы Қытайдағы қазақ боксшы, WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы Елшат Нығматоллаұлы (11-0-1, 3КО) 15 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.