Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ол өзінің өнер адамы ретінде қалыптасу жолын баяндай келе Хакім Абайдың өлеңінен мысал келтірді: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан».
Part 1 CCTV арнасына сұхбат. __________________ Interview on the CCTV channel.
Одан әрі әнші бала күнінен көп еңбектенгенін, 5-6 жас шамасынан жарты күн білім алып, жарты күн музыкалық мектепке барып тәлім алғанын жеткізді.
Part 2 CCTV арнасына сұхбат. __________________ Interview on the CCTV channel.
Сондай-ақ, Димаш Қытайда өткен Singer 2017 жобасы оның өмірін айқындап бергенін, сол жоба арқылы ол халыққа танылғанын атап өтті.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайға алғашқы әлемдік деңгейдегі жеке шығармашылық кешін өткізу үшін барған.
Part 5 CCTV арнасына сұхбат. __________________ Interview on the CCTV channel.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Singer 2017 халықаралық фестивалінде екінші орын алған болатын. Бұл жеңісінен кейін Қытайда және бірқатар Азия елдерінде Димаштың өнеріне табынушылар пайда болған еді.