Димаш Құдайберген жағымды жаңалық айтып, жанкүйерлерін қуантты

АСТАНА. KAZINFORM – Димаш Құдайберген 10 сәуірде жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

димаш құдайберген
Фото: x.com/dimash_usa

— Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді. Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар, — деп жазды Димаш.

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады. Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін, — деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды жаңалық айтатыны туралы алдын ала хабарлап, елді елең еткізген еді. 

Айта кетелік Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді.

 

Соңғы жаңалықтар