Димаш Құдайберген мен Ержан Максим МУЗ-ТВ-ның қызыл кілемімен жүріп өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Муз-ТВ 2019 сыйлығының қызыл кілемін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Муз-ТВ 2019 сыйлығы кешінің фотосуретін телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров жариялады.
«Қызыл кілемді біздің арнайы қонағымыз Димаш Құдайберген ашты», - деп жазды Арман Дәулетияров.