Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан сыйлады

Димаш
Фото: Видеодан кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген атақты әнші Пласидо Домингоға шапан сыйлады.

Опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің 1863 жылғы «Искатели жемчуга» операсынан дуэт шырқаған болатын.

Соңғы жаңалықтар