Димаш Құдайберген «WorldSkills» әлем чемпионатында ән салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Димаш Құдайберген Татарстан астанасында өткен «WorldSkills Kazan 2019» шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ агенттігіне сілтеме жасап.

«Ассалаумағалейкум, Қазан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!», - деп әнші қазақ тілінде көрермендермен амандасты.


Чемпионат қонақтары мен қатысушылары үшін Димаш Игорь Крутой мен Лара Д´Элиа жазған «Where love loves» әнін орындады. Әнмен бірге VR-суретші Айми Секигучи сахна экранына Қазан қаласының суретін салды.

Сонымен бірге, Димаш «WorldSkills Kazan 2019» сахнасында «Мадемуазель Хайд», «Қалжыраған аққулар әні», «Олимпико» әндерін шырқады.

Татарстан президенті Рустам Минниханов instagram желісінде Димашпен кездескен суретін жариялады.


Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы хосписке арнайы барып, кішкентай жанкүйерімен кездескен еді.


Соңғы жаңалықтар