22:21, 16 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» әрі «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әншісі Димаш Құдайберген The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде үлкен марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы әнші өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
«The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолы» елдерінің шешімімен «Жібек жолының мәдени елшісі» деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін. Шанхай қаласы. Мереке құтты болсын тағы да!», - деп жазды әнші.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын әнші келесі жеке концерті қай қалада өтетінін жария еткен болатын. Димаш өз инстаграмында жазғандай, оның келесі жеке концерті Мәскеудегі Кремль мемлекеттік сарайында 22 наурызда өтеді.