Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ән байқауындағы сайысын отандық телеарна көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің ендігі ән сайысын өз телеарнамыздан көре алатын болдық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Хабар» арнасы Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды көрсетпек.  Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев Фейсбуктағы парақшасында жазды.
«Қазақ елі дарындарын қолдайды! «Хабар» агенттігі Димаш ұлын қолдайды! «Ештен кеш жақсы» дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келіссөздер артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап «Хабар» арнасы ҚХР-да өтіп жатқан «I am singer» жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды көрермен назарына ұсынады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!!!», -  деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар