Димаш Құдайбергеннің жуырда тағы бір клипі шығады – видео

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жуырда жаңа бейнебаяны шығатыны туралы хабарлады.

Димаш Кудайберген
Фото: instagram/Dimash Qudaibergen

Жаңа клип туралы жерлесіміз әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті. Жазбаның мағынасына келсек, әншінің жанкүйерлерін тосынсый күтіп тұр.

«Surprise! Let’s not relax because a new music video is on the way», - деген жазба қалдырған Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, биыл 24 мамырда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» сапары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концерті өтпек.

Айта кетейік, таяуда Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды.

 

Соңғы жаңалықтар