Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайда белгілі «Easy» журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке бірнеше бетін арнады.

«Журналдың кезекті нөмірінде басылым әншінің суреттерін жариялады», - деп хабарлады Instagram желісіндегі жас орындаушының @dimash_alpanda атты жанкүйерлер парақшасы.

Сондай-ақ, жанкүйерлер парақшасында Димаштың «Easy» журналына берген сұхбатынан үзінді келтірілген:

- Үйден шыққанда әдетте өзіңмен бірге нені алып жүресің?

- Кілт.

- Соңғы уақыттарда  алаңдатып жүрген жайттар бар ма?

 - Мені ештеңе алаңдата алмайды. 

- Таңертең ояну үшін оятқыш қолданасың ба?

- Ұйқыдан оятуға біреу көмектессе ғой.    

- Алған сыйлықтарыңның ішінде қатты ұнағаны бар ма?

- Әр сыйлық ерекше.

- Сүйікті нақылың?

- Барлығы.

- Соңғы рет қай тректі тыңдадың?

- Michael Jackson - Beat It.

- Ұйықтар алдында не істейсің?

- Амандығым үшін дұға оқимын.

-  Дене бітіміңнен өзіңе ең ұнайтын бөлігі қайсы? 

- Мұндай сұраққа жауап беру ыңғайсыз екен! Айтпаймын.

- Балалық арманың?

- Атақты әнші болу. 

-  Бізге әлі де беймәлім  қабілеттерің бар ма?

- Өте көп.........  ха-ха-ха, қалжың. Алдағы уақытта біртіндеп өздеріңіз көресіздер. 

Соңғы жаңалықтар