Димашқа қандай қыздар ұнайды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық БАҚ Димаш Құдайбергенмен жүргізген сұхбатты жариялады, онда ол өмірлік жарын таңдауда қыздың қандай қасиетіне мән беретінін айтты, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Димашқа қандай қыздар ұнайды

«Оның мінезі жақсы болу керек. Сіздер менен артығырақ жігіт табасыздар деп ойлаймын», - деп жауап берді ол қандай қыздар ұнайды деген журналистердің бірінің сұрағына.

Кейіннен Димаш мінезі «жақсы» деген сөз «адал, кішіпейіл, тәрбиелі» деген мағынаны білдіретінін нақтылады.

Әнші төртінші кезеңге дайындалған кезде қытай тілінде ән жаттап,  талай ұйқысыз түндер мен күндерді басынан өткізгенін хабарлады.

«Қытай тілі әлемдегі ең күрделі тіл», - деп атап өтті Димаш Құдайбергенов.

Еске салсақ, бұдан бұрын қытайлық «Хуанцю шибао» басылымы Димаш Құдайбергеннің қызы бар екені жайлы материал жариялаған.

Қазақстандық әнші екі апта қатарынан Аспан асты еліндегі танымал жұлдыздар рейтингінде көш бастап тұр. Ол Интернетте оның есімін еске алу, ол туралы мәлімет іздеу, видеосын көру, телевизиялық рейтингті есепке алып жасалады.