Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап — коклені сыйға тартты, деп хабарлайды dimashnews.

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты
Фото: Dimashnews

Кокле — ежелгі музыкалық аспап. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, оның пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен.

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты
Фото: Dimashnews

Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады.

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты
Фото: Dimashnews

Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген.

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты
Фото: Dimashnews

Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты
Фото: Dimashnews

Бұдан бұрын Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар