Димаштың Латын Америкасындағы жанкүйерлері жаңа музыкалық жобаны жарыққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM - Димаш Құдайберген шығармашылығының Латын Америкасындағы жанкүйерлері, яғни Чили, Бразилия, Мексика, Коста-Рика және Сальвадор елдеріндегі Dears «Fire» атты жаңа музыкалық бейнежобаны жарыққа шығарды. Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Ерекше коллаборация: Димаш Нұржас Садырбаевпен жаңа жоба басталғанын мәлімдеді
Фото: видеодан алынған скрин

Аталған жоба өнер иесінің шығармашылығына деген құрмет ретінде Diffusion Team командасының бастамасымен жүзеге асырылды. Жобаға қатысушылардың айтуынша, бейнежоба Димаш Құдайберген музыкасынан шабыттанған тыңдармандардың шынайы ықыласын, эмоциялық құлшынысы мен адалдығын бейнелейді.

Жоба авторлары көру қабілетінен айрылған қыздың оқиғасына ерекше назар аударған. Қиындықтарға қарамастан, ол осы жазба жұмысқа белсенді түрде қатысқан.

Сонымен қатар Diffusion Team командасы Латын Америкасындағы Dears қауымдастығының музыкалық жобалары мен шығармашылық бастамаларын дамытуға арналған «Latam Voces de Amor» атты шығармашылық алаң құрды.

Айта кетейік, Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты.

Испанияда Димаш пен жанкүйерлері туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді.