17:07, 13 Шілде 2017 | GMT +5
Димашты бейнелеген шымкенттік суретші портретті иесіне тарту еткісі келеді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік әуесқой суретші Дәулетияр Балтабаев жуырда Димаш Құдайбергеннің портретін салды.

Бұған дейін портрет салып көрмеген қылқалам иесі енді кейіпкерінің шым шаһарға келуін күтіп жүр. Жаңадан шыққан туындысын тарту еткісі келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Өңірдегі Опера және балет театрында жұмыс істейтін суретшінің сөзінше, бұған дейін портрет салып көрмеген. Әлем халқын талантымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің әнге деген сүйіспеншілігі оның осы жанрда қалам тербеуіне септігін тигізген. Ал, туындыны салуға небәрі бір-ақ күн жұмсапты. Қазір жаңадан салынған туынды суретшінің жұмыс орнында тұр.