Димаштың әлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік коронавирусқа қарсыкүреске арналған «We are one» («Біз біргеміз!») бейнебаянының қазақстандықнұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаштың әлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды

«Хабар» агенттігі әншінің әлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасын әзірлеуге қатысты.

Бейнебаянда пандемия орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы майданда күнделікті арпалысып жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.


Туынды авторлары - қытайлық шығармашылық топ. Ол туралы бұған дейін жазған болатынбыз.