Димаштың Астанадағы концертіне көрермендерді шаттл автобустары тасымалдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Димаш Құбайбергеннің концертіне көрермендерді шаттл автобустар жеткізеді.

Димаштың Астанадағы концертіне көрермендерді шаттл автобустары тасымалдайды

«27 маусымда 20.00-де «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Көрермендер стадионға қоғамдық көлікпен бара алады. Сондай-ақ 18.00-ден бастап арнайы рейспен (шаттлмен) төрт орыннан («Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, цирк автотұрағы, «Жастар» сарайы алдындағы тұрақ) көрермендерді тасымалдау жүзеге асырылады», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Өнерсүйер қауымды кері жеткізу үшін стадион автотұрағы мен «Астана Арена» стадионы» аялдамасына шатлдар, сондай-ақ қоғамдық көліктер тоқтайды. Жеке көлігімен концертке келушілерге «Барыс-Арена», «Алау» және «Велотрек» автотұрағынан қосымша орындар бөлінді.