Дін - елдің елдігінің кепілі ? Б. Тілеухан

АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дін - елдің елдігінің кепілі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бүгін Алматыда өз жұмысын аяқтаған «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және қазіргі заман» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай атап өтті,

Дін - елдің елдігінің кепілі ? Б. Тілеухан
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттың негізгі қалыптасуын анықтайтын 5 фактор бар. Ең біріншісі - сол халықтың тілі, екіншісі ? діні, үшіншісі - тарихы, төртіншісі - дәстүрі, бесіншісі - атамекені. Осы фактордың біреуі кем болса, ұлттың бүйірі олқы қалады. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі, өзіндік сипаты бар және өзіндік ерекшелігі бар. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан демократиялық мемлекет, әлемдік заң нормаларын қабылдаған жұртпыз. Ендеше заң алдында барлық дін бірдей. Бірақ исламның жөні бөлек. Ислам мойындаған 4 мазһабтың салмағы бірдей. Алайда қазақ халқы үшін Имам Ағзамның жөні бөлек. Себебі ол қанға сіңісті болған, дәстүрге кіріккен», - дейді Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Тілеухан. «Тәуелсіздік жылдарының қалыптасу кезеңінде Елбасымыз да негізгі саяси бағытымызды анықтаған кезде, «біз түбіміз - түркі, дініміз - ислам, кітабымыз - құран. Ендеше осыны біз жете білуіміз керек» деген. Кез келген ұлттың деңгейін білу үшін сол ұлттың ғұламаларының сөзіне қараймыз. Сондықтан да біз өзіміздің қазақ мәдениетінің дәстүрлі дамуындағы ғұламалардың рөлін ешқашан естен шығаруымызға болмайды. Өйткені бұлардың қашанда ислам қағидаттарынан асып кеткен кезі жоқ», - дейді халық қалаулысы.