Дін істер жөніндегі агенттік сайтында ҚР-сында тыйым салынған лаңкестік, эстремистік және соқыр сенім мен мистикалық ұйымдардың тізімі орналастырылды
Ақпараттық порталда қызметтері Қазақстан Республикасында тыйым салынған лаңкестік, эстремистік және соқыр сенім мен мистикалық ұйымдардың тізімі орналастырылды. Сот шешімдеріне сәйкес тыйым салынған діни әдебиеттер, облыстар мен республикалық маңыздағы қалалар бойынша діни жағдай туралы ақпараттар ұсынылған.
Сондай-ақ Агенттіктің дін істері жөніндегі аумақтық департаменттері мен бағынысындағы ұйымдар туралы байланыс мәіметтері бар. Сайтта Агенттік пен азаматтардың өзара іс-қимылын күшейту мақсатында халықтан түскен сұрақтар мен оларға жауаптар, азаматтарды қабылдау кестесі және сенім телефондары орналастырылған.
Сонымен қатар «Мемлекет және құқық» журналының электрондық нұсқасы және дін мәселелерін қозғайтын барлық нормативтік-құқықтық актілерді қамтитын құқықтық база да маңызды мәліметтерді ұсынады.