Дін істері агенттігі бес мыңнан астам әдебиетті тексеріп шықты

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Екі жылдың ішінде агенттік бес мыңнан астам әдебиетті тексеріп шықты.
None
None

Бұл туралы бүгін дінтану сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған республикалық семинарда ҚР Дін істері агенттігінің діни сараптама және діни оқу орындарымен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Айнұр Әбдірасылқызы мәлім етті.

Екі жылдың ішінде орталық аппаратқа 1678 материал келіп түскен. Оның 1158-іне сараптама жүргізіліп, сұраныс беруші тарапқа жолданды. Ал қалған 480 материал бүгінде сараптамадан өтіп жатыр. «Агенттіктің аумақтық департаменттерінің сараптамасына 7 мыңнан астам материал түсті. Оның 4 мыңнан астамы сараптамадан өтті. Айта кеткен жөн, дінтану сараптамасына түсетін кітап-оқулықтардың 25 пайызы қайталанып тұрады», - дейді А.Әбдірасылқызы.

Соңғы жаңалықтар