Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі №494 Қаулысымен

Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары болып Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы тағайындалды.

Ғ.Н.Шойкин жоғары білімді, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Саясаттанушы, мемлекеттік қызмет менеджері, саяси ғылымдар кандидаты.

Лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, 2009 жылдың қыркүйегінен «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.