Дін істері агенттігінде жаңа тағайындау

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі бұйрығымен

Дін істері агенттігінде жаңа тағайындау

Әкімшілік департаментінің директоры болып Ілияс Ұқтайұлы Рамазанов тағайындалды.

Аталған ведомствоның мәліметінше, І.Рамазанов жоғары білімді, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер-құқықтанушы. Әділет министрлігі, прокуратура және ішкі істер органдары жүйесінде қызмет жасаған. 2011 жылдың қараша айынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін, агенттіктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымын атқарды.