Дін істері агенттігінің төрағасы Қазақстандағы діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің айқындығына күмән келтірді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Діни бірлестіктердің қаржы-шаруашылық қызметі саласын заң талаптарына сай ретке келтіру қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ Форумында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Діни жетекшілер адамгершіліктің және жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін шынайы қызмет етудің үлгісі болуға тиіс екендігін баса айтқан ол: «Бірақ біз діни бірлестік өкілдерінің күдікті, қылмыстық істерге қатысты болғанын да білеміз. Мәселен, 2010 жылдың қыркүйегінде Алматы әуежайында «Благодать» шіркеуінің пасторы Ким Сам Сон тәртіп сақшыларының қолына түскен. Тексеру кезінде одан декларацияланбаған ірі көлемде ақша қаражаты табылды», - деді.

Агенттік басшысының атап өтуінше, аталған азамат ел аумағынан Оңтүстік Кореяға заңсыз түрде 130 мың АҚШ долларын алып шықпақ болған. Ол Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық сотымен шартты түрде 2 жылға сотталып, ақшасы тәркіленді.

«Басқа да діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің айқындығы күмән тудырады. Сондықтан діни бірлестіктердің қаржы-шаруашылық қызметі саласын заң талаптарына сай ретке келтіру қажет», - деді Қ.Лама Шариф.

Соңғы жаңалықтар