Дін көшбасшыларының VIIІ съезі де Қазақстанда өтетін болды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезінің жабылу салтанатында 2025 жылға жоспарланған VIIІ съезді де Қазақстан астанасында өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстан Республикасына Съезді тамаша ұйымдастырғаны үшін, ал Қазақстан халқына – мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметін жалғастыруға ұжымдық мүдделілігімізді және келесі VIII Съезді 2025 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу ниетімізді растаймыз», - деп жазылған Декларация мәтінінде.

Декларацияның мәтінін таныстырған съездегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллстің айтуынша, Декларация бүкіл әлемдегі билікке, саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен жетекші сарапшыларға беріледі. Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.


Соңғы жаңалықтар