Дін қызметкерлері доп теуіп, футболдан жолдастық кездесу өткізді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Имам Муслим жинағында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан қарағанда Алла тағалаға жағымды әрі қайырлы...» - деген хадисі бар. Шынында, мұсылман сенім тұрғысынан күшті болғаны секілді дене-бітімі жағынан да мықты болғаны абзал.
None
None

Осыған орай 21 желтоқсан күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Астана қаласы имамдары мен Дін істері агенттігі қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты жазады.

«Жалпы ойын төрт команда арасында өткізілді. Командалардың екеуі қалалық мешіттерден жасақталса, тағы екі топ Дін істері агенттігі қызметкерлерінен құралды. Ойын шынында тартысты әрі қызықты болды. Екі сағатқа созылған кездесуде руханият саласында қызмет етіп жүрген мешіт имамдары айқын басымдықпен жеңіске жетті», - деп жазады muslim.kz сайты.

Ойынның мақсаты - бірді жеңіп, біреуден жеңілу емес, керісінше күнделікті жұмыс сәтінен тыс арадағы достық пен әріптестік қарым-қатынасты арттырып, нығайту болып табылады. Сөйтіп, күн сайын бұқара халыққа имандылықты насихаттап жүрген Астана имамдары бұл жолы спортпен шұғылданудың да салауатты өмірге жетелейтін игі іс екенін көрсете алды.

Соңғы жаңалықтар