Дін мәселесіне қатысты Конституциялық кеңестің қарауына ұсынылған заң біз үшін аса маңызды ? ҰҚК өкілі

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан үшін аса қажет.
None
None
Бұл туралы бүгін Конституциялық Кеңесте аталған заң жобасына байланысты өткен мәжіліс барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталмыш заң жобасының Конституциялық Кеңестің талқылауына ұсынылып отырғандығы оңды шешім. Өйткені ол қазіргі таңда өте маңызды. «Аталмыш құжатқа қатысты мәселелердің барлығы да осыған дейін көп айтылып келген болатын. Ал бүгін мен заң жобасына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі емес жеке азамат ретіндегі пікірімді білдіргім келеді. Мәжіліс барысында еліміздегі діни ұйымдардың саны 6 есеге артқандығы айтылды. Бұл әрине, шындық. Алайда ол дін өкілдерінің біздің елімізге, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа деген көзқарастары қандай? Мәселе осында. Діни ұйым өкілдерінің көпшілігі біздің рәміздерімізді сыйламайды және өздерін осы елдің азаматы ретінде сезінбейді. Бұған әрине жол беруге болмайды. Біз талқылап отырған заң жобасы дінге қатысты осы тектес мәселелерді шешуге бағытталған. Сондықтан оны қолдау қажет деп есептеймін», - деді комитет төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, елімізде жүрген миссионерлердің халықтың тыныштығын бұзғаны соншалық, тіпті қазір республиканың аймақтарында дәстүрлі емес діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккендерді қорғау орталықтары ашыла бастаған.
Соңғы жаңалықтар