Дін мәселесіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау барысында халықаралық ұйым өкілдері біржақты көзқараста болған

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Дін мәселесіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау барысында халықаралық ұйым өкілдері біржақты көзқараста болған.
None
None
Бұл пікірді Конституциялық кеңестің қарауына ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты журналистермен болған кездесуде Халықаралық мәдениет және дін орталығының бөлім меңгерушісі Марина Онучко білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пайымдауынша, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының сарапшылары заң жобасын қарау барысында тек екі мәселені - еуропалық және халықаралық стандарттарды негізге алған. «Яғни олар біздің заң жобамызды осы көзқарастар негізінде ғана бағалап отыр. Ал бұл дұрыс емес. Өйткені, еуропалық стандарт дегеніміз халықаралық стандарт емес. Ол тек Еуропа елдерінде ғана қолданылатын талаптар. Ол қаншалықты дамыған жүйе дегенімізбен, оны толық жетілді деп айта алмаймыз», деді бөлім мегерушісі.
Соңғы жаңалықтар