Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін түсіндіру жұмыстарына ауылдық жерлердің беделді ақсақалдарын тарту қажет - Қ.Лама Шариф
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін түсіндіру жұмыстарына ауылдық жерлердің беделді ақсақалдарын тарту қажет.
Бұл пікірді бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф білдірді.
Оның атап өтуінше, аймақтарда ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру және мемлекеттік діни саясат саласында медиа жоспарлау бойынша Дін істері департаменті мен әкімдіктердің ішкі саясат басқармасы арасындағы өзара байланысты күшейту маңызды.
«Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарына ауылдық окургтердің әкімдерін, ауылдық жерлердің беделді ақсақалдарын тарту қажет деп есептейміз. Олар ақпараттық-насихаттау топтарына қарағанда тұрғындармен тікелей және тұрақты қарым-қатынас жасап, күнделікті мемлекеттік талаптарды шешуге қатысады. Олардың пікірлеріне біздің азаматтарымыз құлақ асады», - деді ол.
Қ.Лама Шарифтің пайымынша, бұл бағыттағы жұмысқа ресми емес әрі шығармашылық тұрғыда қарау тиісті нәтиже бере алады.