«Динамоның» футболшысы өз-өзіне қол салды
Ол ресейлік бірқатар футбол клубтарының сапында ойнаған. Атап айтқанда, мәскеулік «Динамодан» бастап, «Локомтоив», «Томь», «Кузбасс» командарларында өнер көрсеткен. Соңғы жылдары «Мордовия» клубының құрамында ойнап, 80 метч өткізіп, оның 20-сында гол салған.
Жедел ақпарат бойынша, ол өзіне тапаншадан оқ атып, көз жұмған. Спортшының мәйтін бірінші болып әйелі тапқан.
«Ол үнемі жайдарлы, керек кезде қол ұшын бере алатын адал адам болды. Оның өлімінің себебін айту қиын. Біздің клубтағылардың барлығы аң-таң», - деді «Мордовияның» баспасөз хатшысы Евгений Сулейманов.
Айта кетерлігі, бұл футбол әлеміндегі өзіне-өзі қол салған алғашқы ойыншы емес. Жақында ғана Словакияның бұрынғы қорғаушысы 38 жастағы Марек Шпилар да өмірмен қош айтысқан болатын. Футболшы мұндай қадамға жауапсыз махаббаты үшін барған.