Динара Егембердиева Түркістан облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі лауазымына тағайындалды

Уәкіл

Түркістан облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі лауазымына Егембердиева Динара Асылқызы тағайындалды, деп хабарлайды Кazinform.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егембердиева жаңа қызметке кірісті. Ендігі жерде ол Түркістан облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі лауазымын қоса атқарады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Сондай-ақ олар балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын дамытуға, ілгерілетуге қатысады.

Ал бұл лауазымда 1 жарым жыл бойы қызметте болған Гүлжан Вероцкая білікті психолог ретінде, жаңа уәкілмен бірге жұмысын жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар