Динара Сәдуақасова, Назым Қызайбай, Аида Балаева: Елордалықтарға танымал әйелдердің сөзі жазылған кәмпит таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы елордалық қыз-келіншектерге сыртында танымал әйелдердің сөзі жазылған 10 000 қорап кәмпит таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мерекелік сыйлық ретінде таратылған кәпит қорабының сыртына өз ісінің үздігі ретінде жұртқа танымал қыз-келіншектердің жігерлі сөзі жазылған.
Белсенділер бұл шараны әйелдер қауымын қанаттандыру үшін ұйымдастырғандарын айтады.

Ой салатын сөзі кәмпит қорабына жазылғандардың арасында ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші, график, иллюстратор Нэлли Бубэ, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Аида Балаева, продюсер Баян Мақсатқызы, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Айсұлу Ерниязова, биотехнолог, NASA-ға түскен алғашқы қазақстандық Дәмелі Мектепбаева, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова, шоу-бизнестің жұлдызы Еңлік Құрарбек, «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының көшбасшысы Әсел Баденова сияқты танымал жандар бар.








