Динара Сәдуақасова шахмат бойынша Азия чемпионатында бесінші орынға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аль-Айнада (БАӘ) шахмат бойынша Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады sports.kz.

Динара Сәдуақасова шахмат бойынша Азия чемпионатында бесінші орынға ие болды

Әйелдер арасындағы турнирде жеті ұпаймен ирандық Митра Хеджазипур жеңіске жетті. Қазақстандық Динара Сәдуақасова (6,5) бесінші орыннан көрінді.

Ерлер арасында бақ сынаған Рустам Хуснутдинов - 15-ші орынға ие болды (5,5 ұпай), ал 7 ұпайға ие болған БАӘ өкілі А.Р. Салех Салем үздік атанды.