Динара Шүкіжанова синтетикалық есірткі жайында: Қауіпті химия, миды өлтіреді

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат –Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі студиясында қонақта болған депутат Динара Шүкіжанова палата отырысында қандай мәселемен депутаттық сауал жолдағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкейтесті проблема. Бұрынырық бұл ересектердің проблемасы сияқты еді. Нашақорды көз алдыңызға қалай елестетесіз? Ол бейәлеуметтік, арық, бозарған адам. Білетін адам оның нашақор екенін бірден түсінеді. Бірақ, қазір қандай жайт орын алып жатыр? Бұл – балалар. Ресми статистика олардың 12 жастан асқан балалар екендігін көрсетіп отыр. Синтетикалық есірткі «қорқынышты ештеңе жоқ, дәмін татып көрейік» деп тұратындай тартымды қызғылт таблетка. Ол өте қорқынышты химия әрі миымызды өлтіреді. Сонымен қатар әдеттегі есірткіден 15 есе күшті. Сондықтан да бүгінде біз бұл проблемаға қатысты дабыл қағып отырмыз», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, есірткімен күрестің кешенді жоспары әзірленген. Сонымен қатар Жастар ісі жөніндегі кеңестің де бұл мәселені көтеріп отырғаны қуантады.

«Осы ұлттық жоспарды қабылдап, батыл іс-шаралар қолдана бастау керек. Егер біз бір нәрсе істемесек, кезекті мәрте бұлғақтап жүрсек проблема шешілмейді. Бұл көптеген ведомстволар жүзеге асыруы тиіс өте күрделі әрі жүйелі жұмыс. Біз кешенді жоспармен таныстық. Онда жүзеге асыра бастау қажетті көптеген тармақ бар. Осы проблема жайында барлық алаңда айту керек. Проблеманың жасарып бара жатқанын жеткізу керек. Әр мектепте сынып сағаттарын өткізіп, ата-аналарға түсіндіру қажет. Бұл өзгенің емес әр ата-ананың жеке проблемасы. Біз кешенді жоспарды қабылдау қажеттігін, заңнаманы қатаңдату керектігін айтып отырмын», - деді Динара Шүкіжанова.


Соңғы жаңалықтар
telegram