Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды
Фото: zakiyevadinara/instagram

Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

- Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын, Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қажет», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Бұған дейін Динара Зәкиева Қазақстанда қорғаншылық қызметкерлерінің саны артып, жалақысы көтерілетінін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар