19:11, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Дінбасы қажылыққа дайындық жұмысын пысықтады
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің қатысуымен ұлық сапар - қажылыққа дайындық жұмыстары талқыланды.

Діни басқарма жылдағы дәстүрге орай биыл да парызын өтеушілерге қызмет көрсететін туристік компанияларға аймақтағы имамдарды қоса жіберіп отыр. Мақсат - ұлық сапарда құлшылық жасаушыларға уағыз-насихат жүргізу, қажылықты атқарудың мәні мен маңызын, рәсімін түсіндіру. «Бұл жауапкершілігі мол міндет. Әсте босаңсуға болмайды. Халыққа қызмет етуден асқан бақыт жоқ екенін саналарыңызға сіңіріп алыңыздар. Алла тағала құлшылықтарыңызды қабыл еткей!» - деді Бас мүфти басқосуда.
Биыл елімізден 4 мыңнан астам адам Меккеге бет алып, парызын өтемек.