Дінбасылары қазақстандықтарды Пасха мейрамымен құттықтады

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Астана және Алматы архиепископы, Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ басшысы Александр қазақстандықтарды қасиетті Пасха мейрамымен құттықтады.
None
None

«Сіздері Пасха жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ежелгі Қазақстан жерінде тыныштық пен келісімде тату-тәтті тұрып өмір сүріп жатқан барлық халықтар өкілдерінің жүректеріне бүгін жылылық пен қуаныш ұяласын», - делінген архиепископ Александрдың мерекеге орай жолдауында.

Сондай-ақ православ христиандарын осы айтулы мерекемен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі құттықтады.

«Жаратқанның шапағатымен, сондай-ақ ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында республикамызда тұрақтылық пен өзара түсіністік, тыныштық пен келісім сақталып отыр. Сіз арқылы бүкіл Орыс православ шіркеуіне отандастарымыздың рухани денсаулығын, патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық тыныштық пен келісімді нығайту жолындағы еңбегіңізге табыс тілеймін», - делінген Бас мүфтидің Астана және Алматы архиепископы, Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ басшысы Александрға жолдаған құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар