Діндар әйелдер торт пісіруден шеберліктерін шыңдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда діндар әйелдер торт пісіруден шеберліктерін шыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Діндар әйелдер торт пісіруден шеберліктерін шыңдады

Арнайы шеберлік курсы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен өтті.

Шеберлік-сабақты балкүлше пісіруден жеке кәсібі бар және бұл кәсіптің қыр-сырын меңгерген маман, теолог Назерке Жетпісбайқызы өткізді.

«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – үй шаруасымен айналысатын әйелдерді қосымша табыс табудың көзі ретінде тәтті торт пірісіп, тапсырыс қабылдап, өз кәсіптерін ашуға үйрету», - дедіНазерке Жетпісбайқызы.

26 діндар әйел екі топқа бөлініп қазіргі кездегі сұранысқа ие торттардың бірқатар түрін шебердің көмегімен пісіріп, меңгерді. Сонымен қатар оларды түрлі тәсілдермен әсемдеуді үйренді.

Шеберлік-сабақтың соңы дастархан басындағы шәйға ұласты. Қатысушылар барлық үйренгендерін үйде жасап, жақындарын тәттілерімен қуантатынын жеткізді.