«Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға әзірлік басталды

Форумға парламентшілер, әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады.
Кеңеске Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, сыртқы істер, мәдениет және спорт министрліктерінің, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының, басқа да мекемелердің өкілдері қатысты. Сенат Төрағасының пікірінше, «Діндер терроризмге қарсы» конференциясын өткізудің маңыздылығын уақыттың өзі талап етіп отыр. Форум Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясындағы саяси және діни қайраткерлердің үнқатысуындағы кезекті кезеңге айналады. Қ.Тоқаев конференцияның тұжырымдамалық және ұйымдастыру мәселелерін мұқият пысықтау қажеттігіне жиналғандардың назарын аударды.