Дінге қатысты қабылданбай қалған заң қайта қаралуы керек - Әбсаттар қажы Дербісәлі

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әділет министрлігі жанындағы Дін комитетін агенттікке айналдыру туралы мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болды және ол солай болатын да шығар. Меніңше, ең бастысы агенттік барынша батыл жұмыс істеуі керек.
None
None

Яғни аталмыш органның мәртебесі көтерілгеннен кейін ол сол мәртебесіне сай жұмыс істеуі тиіс. Бұл пікірді бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясының барысында журналистермен сұхбаттасқан Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, агенттік әсіресе діни секталармен жұмысты жандандырғаны дұрыс. «Қазір елімізде көптеген секталар бар және олардың кейбірі заңға жатпайтын әрекеттер етуде. Осы мәселелердің алдын алу және тойтарыс беру үшін агенттік батыл қадамдарға баруы керек. Аталмыш орган тіпті осыған дейін дінге қатысты қабылданбай қалған заңды қайта көтеріп, оның қабылдануына ықпал етуі тиіс деген ойдамын. Сонда ғана ол өз мәртебесіне лайықты жұмыс істейді», деді басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар