Діни экстремизмге қазақ салт- дәстүрі қарсы тұра алады - маман
Ол көбінесе саяси мақсатта, діни ұйымдардың зайырлы мемлекетке қарсы күресте немесе конфессиялардың бірінің билігін бекітуде қолданылады. Кез келген мәсіленің шешімі болады деген сенімге сүйенер болсақ, демек, жоғарыдағы келеңсіздіктің болдырмауына қарсы тұра алатын алып қорғаныстың да болары сөзсіз. Қазақ халқының мәдени-этикалық дәстүрінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі және болашақта азаматтық бейбітшілікті сақтау үшін жақсы негіз болып саналады.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстан барлық мұсылмандарға, православиелік, католиктерге, протестанттарға, иудалыққа діни сенімнің абсолюттік еркіндігін қамтамасыз етіп келуде. Тіпті діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсуі де орын алды. Діни мейрам ретінде - Құрбан айт пен «Рождество Христово» мерекелері Қазақстанда демалыс күндері ретінде жарияланды. Яғни, діни талаптардың, қысымның жоқтығы, діни сенімге деген таңдаудың болуы жеке азаматтық құқықтың қорғалуымен пара пар болып отырғандығына көз жеткізе аламыз.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері бай тарихи мұрадан қалыптасты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары Қазақ жерінде ислам пайда болғанға дейін қалыптасқан ежелгі дәстүрлі діни сенімдермен тығыз байланысты. Исламның діни жоралары, қазақ халқының салт-дәстүрлері өзінің жарқын және сұлулығымен, мағыналық толықтырылу байлығымен таң қалдырады және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге ұмтылатын қазақ халқының ұлттық сипатының мәнін толық көлемде көрсетеді.
Экстремизм тақырыбы бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықтағы әрбір мемлекетті толғандыратын кесел. Қазақстан көптеген антиэкстремистік және антитеррорлық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ) мүшесі бола отырып, елдегі экстремизмнің алдын алу мен болдырмаудың белгілі бір шараларын үнемі жетілдіруде. Соған сәйкес, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4 және 5-баптарында экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, міндеттері мен қағидаттары көрсетілген.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда қоғам діннен бөлінбегенін, сондықтан мемлекет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуді шеттете алмайтынын атап өтті. Бұл ретте діни сенім адамгершілік бастауларға негізделіп, қоғамның рухани құндылықтарын дамыту, қазақстандық патриотизмді нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу үшін пайдалану қажет үлкен гуманистік әлеуетке ие екенін ескеру маңызды.
Сондықтан діни бағыттар туралы айтатын болсақ, экстремизмнің алдын алуға, соның ішінде оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және оны жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдауды үнемі естен шығармау қажеттігіне база назар аударуымыз қажет.
Қырмызы Бақытқалиқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педадогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты.