«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң - ел бірлігін арттыруға септігін тигізетін маңызды құжат - С. Балтабаева

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң - ел бірлігін арттыруға өз септігін тигізетін маңызды құжат.
None
None

Қазақстан Қажылары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Сәлима қажы Балтабаева осылай мәлім етті.

«Тарихтың қай кезеңін алсақ та мұсылман қоғамында дінге көңіл бөлінбеген кездері болмаған. Өйткені дін сол қоғамның негізгі құралы.«Діні мықты қоғам - діңгегі мықты ағаш секілді». Өз басым мемлекеттің тірегі - дін деп есептеймін. Кешегі Кеңес дәуірі өз мемлекетінде дінсіздікті дәріптеді. Қазіргі өмір сүріп отырған қоғам адам санасына қарама-қайшы әсер ететін көзқарастарға толы. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы теріс екендігін ұғынып білу де оңайлықпен шешілмейді»,- дейді Сәлима қажы Балтабаева.

Оның пайымынша, сырттан келген діни ағымдар, теледидардағы ұлт мүддесіне қайшы келетін хабарлар мен түсірілімдердің жүйелі түрде өткізулері жылыстап қоғамнан толық орын алып үлгере бастаған. Олардың жастарды өз ырықтарына кедергісіз көндіріп алғанын да қоғам байқамай қалды. «Сондықтан да, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның мемлекет тарапынан қолдау тапқанына қуанып отырмыз. Алланың қалауымен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол тәуелсіздіктің арқасында біз рухани мұрамызды қайта жаңғырттық. Дәйім еліміз тыныш, Отанымыз аман, дініміз бен халқымыздың ынтымағы күшейе берсін», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар