«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасы Парламентте 2012 жылдың басында қаралады
ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасы Парламентте 2012 жылдың басында қаралады,
сондай-ақ заңнаманың ілеспе өзгерістерінің жобасы алдағы жылдың 19 қаңтарына дейін дайын болады. Бұл туралы бүгінгі болған жалпы отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және соттық-құқықтық реформа бойынша комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлім етті.
Р. Мұқашев «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы негіз болатын құжат екенін және ол діни бірлестіктерді құру, тіркеу тұрғысындағы мәселелерді реттеуге бағытталғанын айтып өтті. Сондай-ақ заң жобасы діни қызмет бағытындағы өкілетті орган қызметін анықтайды. Атап айтқанда, заңнамадағы ілеспе өзгерістер діни қызмет саласындағы заңнама заң бұзушылықтарына жауапкершілікті қарастырады.