«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы - жұмыс тобының отырысында

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетінші отырысы өтті.
None
None

Қазір депутаттардан келіп түскен түзетулер жан-жақты қаралуда. Салыстырма кестеге 100-ден астам толықтырулар енгізілген. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша 20-дан астам түзету енгізілген.

Заң жобасын талқылау жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпековтің төрағалығымен өтуде.

Жұмыс тобының отырысына Мәжіліс депутаттарымен бірге ҚР Дін істері агенттігінің, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ҰҚК-нің, бірқатар министрліктердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де заң жобасын талқылауға қатысуда.

Бүгін түстен кейін жұмыс тобының сегізінші отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар