Динис Никиша Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Динис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Динис Никиша
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. 

Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді.

Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.