15:46, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Дінмұхамед Қонаев мұражай-үйі Ресейде өтетін халықаралық байқаудың соңғы байқауына жолдама алды
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Д.Қонаев мұражай-үйі наурыздың 25-26 күндері Омбыда өтетін халықаралық байқаудың соңғы байқауына қатысады.
Бұл бүгін Алматыда ұйымдастырылған "Д.А.Қонаев және оның дәуірі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2009 жылы жаңа инновациялық бағдарламалар туралы халықаралық байқау жариялаған болатын. Омбы университеті ұйымдастырған бұл шараға Ресей Федерациясының Үкіметі қолдау көрсетіп отыр. Біз қазан айында "Қолмен ұстап көр", " Келушілерді қалай көбейту керек", Мұражайдың жәдігерлерін жаңа түрде сақтау" деген үш жобаны ұсынған болатынбыз. Олардың үшеуі де байқаудың ақтық финалына өтіп отыр", дейді Д. Қонаев мұражай-үйінің бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратова. Оның айтуынша, байқаудың ақтық финалы наурыздың 25-26 күндері мұражай қызметкерлері арасында өтетін халықаралық конференция кезінде болады.